Әлеуметтік қашықтықты сақтау керек

Германияда 5 маусымға дейін шешім берілген 1,5 метр әлеуметтік қашықтық ережесі 29 маусым күніне дейін созылды.

1424720
Әлеуметтік қашықтықты сақтау керек

Германияда 5 маусымға дейін шешім берілген 1,5 метр әлеуметтік қашықтық ережесі 29 маусым күніне дейін созылды. 

Канцлер Ангела Меркель баспасөз мәслихатында коронавирусқа қарсы әзірге дәрі немесе вакцина табылмағанын айтып,  эпидемияның әлі аяқталмағанын қайталады. 

Меркель Франкфурт қаласында өтен аптада бір шіркеуде болған діни жиынға қатысқан көптеген адамға коронавирус жұққанын айтып: “Кейбір оқиғаларда вирустың қаншалықты тез тарағанын байқап отырмыз.  Сондықтан мұқият болуымыз керек” деді. 

Сонымен қатар федералдық үкімет пен уәлаяттар арасында келісілген келісімге сәйкес, Covid-19 эпидемиясының таралымының алдын алу мақсатымен 5 маусым күніне дейін шешім берілген 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау ережесі 29 маусым күніне дейін созылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар