Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 355 мыңнан,  оқиға саны 5 миллион 750 мыңнан асты.

1424713
Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 355 мыңнан,  оқиға саны 5 миллион 750 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны да 2 миллион 473 мыңға жақындады. 

100 мың 686 адам қайтыс болған,  1 миллион 728 мыңнан астам оқиға тіркелген Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда коронавируспен  күрес үшін жарияланған “Үйде бол” нұқсауы ертең аяқталады. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан 412 адам қайтыс болып,  қайтыс болғандардың барлық саны 37 мың 460-қа жетті.  Тағы 2 мың 013 адамда вирус анықталып, вирус жұқтырған адам саны 267 мың 240 болды. Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок эпидемиямен күрестің жаңа сатысының ең маңызды бөлімін қалыптастыратын бақылау жүйесінің бүгіннен бастап іске қосылатынын айтты.

Министр осы жүйе арқылы Covid-19 сынамасы позитив болған кісілермен бір үйде тұратын немесе екі метрден жақын қашықтықта 15 минуттан көп бірге болғандардың анықталып, 14 күн үйде карантинде отыруын талап ететіндерін білдірді. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде 117 адам қайтыс болды.  Өлім-жітімнің жалпы саны 33 мың 072-ге жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 1 976 артты.  Жалпы саны 50 мың 966-ға жетті. 

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта ауруханаларда 66 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім 28 мың 596-ға жетті. Вирус анықталған адам саны 220 мың 148. Ұлттық мәжіліс Covid-19-бен күрес шеңберінде науқастар және олармен байланыста болғандардың цифрлық бақылауға алуды мақсат еткен ақылды телефон қосымшасының қолданылуын бекітті. 

"StopCovid" деп аталатын қосымшаны телефондарға жүктеп алуға болады. 

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан соңғы бір күнде бір кісінің қайтыс болғанын,  өлім-жітімнің 27 мың 118-ге жеткенін білдірді.  Вирус жұқтыру оқиғасы да 236 мың 769-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар