АҚШ Ауғанстандағы әскерлерін шегереді

Трамптың Ауғанстандағы барлық Америка әскерлерін шегеруді жоспарлағаны пайымдалды.

1423999
АҚШ Ауғанстандағы әскерлерін шегереді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Ауғанстандағы барлық Америка әскерлерін шегеруді жоспарлағаны пайымдалды. 

Нью-Йорк Таймс газетінің хабарында әскери лауазым иелерінің алдымыздағы күндерде Трампқа әскерлерді шегеру жайлы брифинг беретіні алға тартылды. 

Хабарда Трамптың президенттік сайлауы өтетін қараша айынан бұрын Ауғанстаннан әскер шегеру жұмысын түбегейлі түрде тамамдалуын талап еткені білдірілді. 

Осы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берген АҚШ Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джонатхан Фофман АҚШ-тың Талибанмен өткен айларда жасаған келісімі бойынша шілде айына дейін Ауғанстандағы әскер санын  8 мың 600-ге шегеру жоспарының жалғасқанын айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар