Грузияда вирустан 12 адам қайтыс болды

Қырғызстанда балалар бақшасы маусым айында ашылады.

1423719
Грузияда вирустан 12 адам қайтыс болды

Қырғызстанда вирус салдарынан 16 адам қайтыс болды. Вирус жұқтыру оқиғасы 1468-ге, сауығып кеткендердің саны 1015-ке жетті. Білім беру министрінің орынбасары Надира Жусубекова соңғы қоңыраудың 30 мамыр күні онлайн өткізілетінін білдірді. Ол балалар бақшасының маусым айында ашылуын жоспарлап отырғандарын да айтты. 

 Армения Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда,  вирустан қайтыс болғандар саны 91, оқиға саны 7 мың 402ге жетті. Елде 3 220 адам жазылып, 4052 науқас емделуде. 

13 адам қайтыс болған Өзбекстанда вирус жұқтыру саны 72 артты.  Оқиға саны жалпы 3 261-ге жетті. Санитарлық бақылау мекемесінің төрағасы Проф. Нурмат Атабеков Covid-19 науқастарының емі үшін адам басына 3200 доллар,  ауыр науқастар үшін адам басына 6400, барлығы 11 миллион доллар жұмсалғанын білдірді. Атабеков бүгінге дейін азаматтардың карантинде болуы үшін барлығы 10 миллион доллар қолданылғанын айтты. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бахадыр Юсубалиев қазірге 300 медициналық қызметкерде вирус анықталғанын білдірді. 

Грузияда болса коронавирустан 12 адам қайтыс болды.  735 адамда вирус расталды.  537 адам сауығып шықты. 

Молдовада эпидемиядан 265 адам қайтыс болды. Екі депутатта да вирус анықталды.

Украинада 644 адам қайтыс болып, 21 584 адамда вирус расталды. Украина Қарулы күштерінде екі қызметкер коронавирустан қайтыс болды, әскерилердің арасынан алпыс адамда вирус анықталды. 

Басқа кейбір елдердегі өлім-жітім деректері мынадай: 

Қытай 4 мың 634, Үндістан 4 мың 172, Индонезия 1391, Пәкістан  1197, Оңтүстік Африка 481, Біріккен Араб Әмірліктері 248, Кувейт 165, Катар 26 және Сингапур 23.



Ұқсас жаңалықтар