Дмитрий Песков ауруханадан шықты

Дмитрий Песков коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты.

1423564
Дмитрий Песков ауруханадан шықты

3 мың 633 адам қайтыс болған Ресейде Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты.

Оңтүстік Азия елі Бангладеште Covid-19 себебімен қайтыс болғандар саны 501 болды. Елде соңғы 24 сағатта 1 975 жаңа оқиға тіркелді. Вирус жұқтырғандардың саны 35 мың 585-ке жетті. 

Эпидемияда өлім-жітім 44, оқиға саны 233 деп жарияланған Йеменде Денсаулық сақтау министрінің өкілі Абдуррагиб әл Хайдери “Сана жаралы және екі апаттың ортасында” деді. 

267 адам қайтыс болып, 11 мың 206 оқиға тіркелген Оңтүстік Кореяда коронавирус эпидемиясынан сақтану үшін қала ішіндегі қоғамдық көліктердің барлығында және таксилер мен ұшақ рейстері жолаушыларының маска киюі шарты келтірілді. 



Ұқсас жаңалықтар