25 мамыр "Африка күні"

Махамат кедейлік, қанды соғыс және басқарудағы кемшіліктер салдарынан Африканың ілгерілемей жатқанын білдірді.

1423539
25 мамыр "Африка күні"

Африка Одағы комиссиясы төрағасы Моусса Факи Махамат кедейлік, қанды соғыс және басқарудағы кемшіліктер салдарынан Африканың ілгерілемей жатқанын білдірді. 

Махамат Африка күніне орай жасаған жазбаша мәлімдемесінде "Құрлықта экономикалық және әлеуметтік салада жаңалықтар болуда. Бірақ кедейлік, қанды соғыс  және басқарудағы кемшіліктерді жасыра алмаймыз" деген сөздер қолданды. 

Құрлықта болған мәселелердің келешек жайлы білгісіздік тудырғанын меңзеген Махамат "Қақтығыс және кедейлік Африканың ілгерлеуіне кедергі болуда" деді. 

Махамат терроризмнің, сайлаудан кейінгі дағдарыстың, тайпа және діни қақтығыстардың Африканы қара түнек секілді басып алғанын және осы мәселердің шешімі жайлы әлі де үміттің болғанын айтты. 

25 мамыр Африка Одағының құрылған күні. 25 мамыр 1963  жылдан бері "Африка күні" ретінде тойлануда. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар