Коронавирустан адам өлімі жалғасуда

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 340 мыңнан асты.

1422303
Коронавирустан адам өлімі жалғасуда

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 340 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 5 миллион 308 мыңға жетті. Сауығып кеткендердің саны да 2 миллион 160 мың 800-ден асты. 

97 мың 650 адамнан айырылып қалған эпидемияның орталығы - Америка Құрама Штаттарында президент Дональд Трамп штат басшыларынан коронавирус салдарынан жабылған ғибадатханалардың ашылуына рұқсат берулерін сұрап, әйтпесе өз өкілеттіктерін қолданатынын білдірді. “Имамдар,  христиан және еврей дін қайраткерлері жамағаттарының сенімде екендеріне көзі жету керек.  Американың дұғаға мұқтаждығы бар” деді ол. 

Италияда вирустан бір күнде 130 адам қайтыс болып, қайтыс болғандардың жалпы саны 32 мың 616-ға жетті. Актив коронавирус науқасы саны 1 638 азайды. Науқастардың жалпы саны 59 мың 322 болды. 

Францияда Covid-19 себебімен соңғы бір тәулікте 74 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 289 болды.  Вирус анықталған адамдардың жалпы саны 219 мың 082. 

Испанияда коронавирустан бір күнде 56 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 628. 446 жаңа оқиға тіркелді. Елде коронавирус көп кездескен Мадрид және Барселонада сатылы түрде қалыпты өмір арнасына түсуде екінші саты дүйсенбі күні басталады. 

Кейбір елдердегі өлім-жітім төмендегідей: 

Ұлыбритания 36 мың 393,Бразилия 21 мың 116, Бельгия 9 мың 219, Германия 8 мың 352, Мексика 6 мың 989, Канада 6 мың 250, Нидерланды 5 мың 788, Швеция 3 мың 925, Перу 3 мың 244, Эквадор 3 мың 56, Швейцария 1903, Ирландия 1592, Португалия 1289, Польша 982, Чили 630.



Ұқсас жаңалықтар