Кезектен тыс бас қосуға келісті

Палестина мен ИЫҰ Израильдің “Батыс Шерияны аннексиялау” жоспарын талқылау мақсатымен кезектен тыс бас қосуға келісті.

1422371
Кезектен тыс бас қосуға келісті

Палестина әкімшілігі мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Израильдің “Батыс Шерияны аннексиялау” жоспарын талқылау мақсатымен кезектен тыс бас қосуға келісті. 

Палестина Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда, Сыртқы істер министрі Рияд әл Малики мен ИЫҰ Бас хатшысы Юсуф бин Ахмет әл Усеймин телефонда сөйлесті. 

Телефон әңгімесінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Израильдің “Батыс Шерияны аннексиялау” жоспарын қолға алуы,  министрлер деңгейінде кезектен тыс жиналыс өткізуіне шешім берілді. 

Израиль премьер-министрі Бентямин Нетаньяху 17 амыр күні мәжілісте Батыс Шериядағы заңсыз еврей елді мекендерін “шекараға қосып алудың” уақыты келгенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар