Грекия турист қабылдайды

Айдың аяғына дейін туристері қабылданатын елдердің тізімі анықталады.

1422117
Грекия турист қабылдайды

Грекия 15 маусым күні басталатын рейстермен алғашқы сатыда Солтүстік Еуропа, Балқан,  Балтық елдері, Израиль және Кипр понти жағынан турист қабылдайды. 

Мемлекеттік телерадио арнасында хабарлама жариялаған Туризм министрі Харис Теохарис мамыр айының аяғына дейін туристері қабылданатын елдердің тізімінің дайын болатынын білдірді. 

Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық ішінде екендерін тілге тиек еткен министр: “Көрші елдер жайлы айтып отырмын.  Солтүстік Еуропа,  Балқан,  Балтық елдері,  Кипр понти жағы және Израильдің эпидемиологиялық деректерін тексеруді сұрадық. Қорытындысына қарай турист қабылданатын елдердің тізімі анықталады” деді. 

Skai телеарнасының хабарына қарағанда алғашқы сатыда туристері қабылданатын елдер арасында Қытай, Жапония, Австралия, Норвегия, Дания, Австрия, Кипр понти жағы, Болгария, Сербия,  Румыния,  Албания, Солтүстік Македония, Босния және Герцеговина, Хорватия, Польша, Венгрия, Словакия және Чехия орын алады. 

Министр Теохарис 1 шілде күнінен бастап Грекияға келетін туристерге коронавирус сынамасы және карантин жүргізілмейтінін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар