Германия президенті Ораза айтпен құттықтады

Түрік,  ағылшын және араб тілдерінде жариялаған құттықтауында биыл мерекенің жаңа типтегі коронавирус індетінің көлеңкесінде қалғанын айтты.

1422114
Германия президенті Ораза айтпен құттықтады

Германия президенті Франк Вальтер Штенмайер Ораза айтқа орай құттықтау жариялады. 

Түрік,  ағылшын және араб тілдерінде жариялаған құттықтауында биыл мерекенің жаңа типтегі коронавирус індетінің көлеңкесінде қалғанын айтты. 

Штейнмайер “Ораза айт құтты болсын! Сіздер және баршамыз үшін келесі жылы айтты бірге тойлауды тілеймін. Биыл айтты барлығымыз бірге тойлай алмаймыз. Бірақ шынайы тыныштық ұсынған және күш-қуат беретін бір наныммен бір-бірімізге адалмыз” деді. Президент Азатаңдық еркіндіктер бар екенін еске алып: 

“Бірақ сонда да адам өмірін құтқарып қалу үшін адамдардың жиналып, кездесуіне уақытша шектеме келтіруіміз керек. Осы қатаң шараларға бағынып,  вирусқа қарсы күресте алғашқы табыстарға қол жеткізуге үлес қосқан баршаңызға алғыс айтамын. Түсіністік,  жауапкершілік санасы және сабырлылық үшін алғыс айтамын” деді.



Ұқсас жаңалықтар