Палестина АҚШ-пен жасаған ақпарат бөлісу келісімін жойды

Саиб Урейкат Израильдің аннекция жобасына қарсы АҚШ-пен барлық қауіпсіздік келісімдерін жойғанын білдірді.

1421651
Палестина АҚШ-пен жасаған ақпарат бөлісу келісімін жойды

Израиль және АҚШ-пен қол қойған келісімдерді жоюға шешім қабылдаған Палестина әкімшілігі АҚШ Орталық барлау ұйымымен (CIA) ақпарат бөлісу келісімінен бір жақты бастартты.

Палестина азаттық ұйымы Атқару комитеті Бас хатшысы Саиб Урейкат Израильдің басқыншылық астындағы Батыс Шериядағы заңсыз еврей тұрғын аймақтарын «аннекция» жоспарына наразылық ретінде Палестина барлау ұйымының АҚШ Орталық барлау ұйымымен (CIA) ақпарат бөлісуді тоқтатқанын атап көрсетті.

Урейкат «CIA лауазымдыларына олармен жасаған ынтымақтастық келісімінің күшін жойғанын 48 сағат бұрын хабарладық. Бұдан әрі АҚШ және Израильмен кезкелген қауіпсіздік келісіміміз жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар