Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 334 мың 689-дан асты.

1421438
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 334 мың 689-дан асты.  Оқиға саны 5 миллион 198 мың 307, cауығып кеткендердің саны да 2 миллион 83 мың 18-ді артта қалдырды.

АҚШ ең көп адам көз жұмған ел болды. Елде эпидемия салдарынан 96 мың 354 адам қайтыс болды. Расталған оқиға саны 1 миллион 620 мың 902 адамға жетті.

Италияда эпидемияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 156-ға көбейіп, 32 мың 486-ға жетті. Расталған оқиға саны 1792 адам азайып, 60 мың 960-ға шегерілді.

Францияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны соңғы 1 тәулікте 83-ке көбейіп, 28 мың 215-ке, расталған оқиға санына 1735 жаңа оқиғаны қосқанда, жалпы 218 мың 679-ға жетті.

Испанияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны соңғы 1 тәулікте 48-ге көбейіп, 27 мың 940 болды.

Латын Америка елі Мексикада Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 6 мың 510.

Сovid-19 салдарынан Ұлыбританияда 36 мың 42, Бразилияда 20 мың 82, Бельгияда 9 мың 186, Германияда 8 мың 309, Канадада 6 мың 152, Голландияда 5 мың 775, Швецияда 3 мың 871, Перуда 3 мың 148, Эквадорда 2 мың 939, Швейцарияда мың 989, Ирландияда 1 мың 583, Португалияда 1 мың 277, Польшада 972, Чилиде 589 және Белоруссияда 185 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар