Трамп Қытайдың мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Трамп Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Сао Лиджиеннің АҚШ жайлы мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

1421164
Трамп Қытайдың мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Сао Лиджиеннің АҚШ жайлы мәлімдемесіне наразылық көрсетті. 

Трамп твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Мәлімдемеші (Сао Лиджиен) Қытай атынан қисынсыз бос сөз сөйлеуде және мемлекетінің барша әлемге таратқан аянышты індеттің бағытын өзгерткісі келуде. Қытайдың АҚШ және Еуропа Одағы арқылы жасаған дезинформация шабуылы ақымақтық болып табылады" деген сөздерге орын берілді. 

Дональд Трамп "Қытай үлкен бір қарсылық кампаниясын жасауда. Өйткені Қытай ұйқышы Джо Байденнің президенттік сайлауды жеңіп алатынын ойлады. Бірақ мен билік басына келуіммен Қытайдың АҚШ-ты жалғасты алдау қиялы босқа кетті" деді. 

Сао астана Пекинде ұйымдастырған баспасөз жиналысында Трамптың  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына байланысты жасаған мәлімдемесіне орай "Трамптың қоғамға жаңсақ мағлұмат бергенін, Қытайдың жаңа коронавирус індетімен күресу талпыныстарын қаралауға және АҚШ-тың індетпен күресудегі жеткіліксіздерін жасыруға тырысқанын" пайымдаған еді. 

Трамп жексенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесусқа жіберген хатында нақтылы реформа жасамаған жағдайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына беретін қаржыларды 30 күннен кейін түбегейлі түрде тоқтататынын жариялаған болатын.

Дональд Трамп 14 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын індетпен күресуде табыссыз болғанын айтқан.  Ұйымды Қытаймен қоян қолтық жақындасқаны үшін айыптаған және ұйымға беретін қаржылай қолдауын тоқтататынын мәлімдеген. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар