Әзербайжанда мейрамхана мен кафелер қызмет бере бастады

17 сәуірден бері оқиға тіркелмеген СКТР-нда эпидемия себебімен қабылданған шаралардың көбі тоқтатылды.

1419734
Әзербайжанда мейрамхана мен кафелер қызмет бере бастады

Коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 318 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 4 миллион 860 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны болса бір миллионнан асты. 

17 сәуірден бері оқиға тіркелмеген Солтүстік Кипр Түрік Республикасында эпидемия себебімен қабылданған шаралардың көбі Министрлер кабинетінің шешімімен тоқтатылды.  Мейрамхана, кафе секілді жерлер ертеңнен бастап қызмет бере бастайды. Топтық ғибадаттарға да ережелерге бағыну шартымен рұқсат берілді. 

40 адам қайтыс болған, 3 387 оқиға тіркелген Әзербайжанда кеше хабарлама арқылы көшеге шығу рұқсатын алу жүйесі тоқтатылды. Мейрамхана,  кафе және шайханалар,  саябақтар,  мұражайлар мен көрме залдары қызметке ашылды. Елде 65 жастан үлкен азаматтарға көшеге шығуға тыйым да алып тасталды. 

171 адам қайтыс болған Беларусьта соңғы 24 сағатта 922 адамда Covid-19 анықталды.  Осылайша оқиға саны 30 мың 572-ге жетті. 

35 адам қайтыс болған, 6 440 оқиға анықталған Қазақстанда Нұр-Сұлтан және Петропавловск қалаларында ертеңнен бастап сауда орталықтары мен моншаларға ашылуға рұқсат беріледі. 

Өзбекстан эпидемиядан 13 адамның қайтыс болғанын,  2 779 оқиға тіркелгенін білдірді. 

Тәжікстанда 41 адам қайтыс болып,  оқиға саны 1 729-ға жетті. 

Молдовада 217 адам қайтыс болып, 78 адамда коронавирус анықталды.  Олардың бесеуі медициналық қызметкер. Елде жалпы вирус жұқтырған саны 6 138 болды. 

Эпидемия ең көп зиян келтірген он бірінші ел Үндістанда вирустан 3 155 адам қайтыс болды.  100 мың 340 оқиға тіркелді. 



Ұқсас жаңалықтар