Тәуелсіз тексеру бастатады

Гебрейесус ұйымның коронавирус эпидемиясындағы жауапкершілігіне байланысты тәуелсіз тексеруді қысқа уақытта бастататынын білдірді.

1419517
Тәуелсіз тексеру бастатады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның коронавирус эпидемиясындағы жауапкершілігіне байланысты тәуелсіз тексеруді қысқа уақытта бастататынын білдірді. 

Гебрейесус ДДСҰ-ның ең жоғары шешім қабылдау органы 73-ші Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының ашылу салтанатында сөз сөйледі. 

Ол: “Дүние жүзі бұдан бұрын бірнеше рет пандемиямен бетпе-бет келді. Бұл бір коронавирус себеп болған алғышқы эпидемия.  Бұл қауіпті комбинациялық ерекшеліктері бар, қауіпті жау. Вирус ықпалды және жылдам тарайды” деді. 

Гебрейесус вирус алғаш ортаға шыққаннан бері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  елдермен иықтасып күрескенін алға тартты.  Ол ұйымның ашықтық,  есеп берушілік және әрдайым өзін жетілдіру тақырыбында табанды екенін, ең ыңғайлы уақытта тәуелсіз тексеру бастататынын білдірді. 

Бас директор айырықша мүше елдерді ұйымға қаржылай көмегін арттыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар