Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Оңтүстік Суданда вице-президент пен жұбайында вирус анықталды.

1419885
Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

4 мың 634 адам қайтыс болған Қытайда соңғы бір күнде алты оқиға анықталды.  263 адам қайтыс болған Оңтүстік Кореяда болса 13 оқиға тіркелді. Қытайда бүгінге дейін барлығы 82 мың 960 оқиға тіркелді.  Сауығып кеткендер саны 78 мың 241-ге жетті.  Оңтүстік Кореядағы вирус жұқтырған адам саны болса 11 мың 078. 

Израильде Covid-19 себебімен қайтыс болғандардың саны 276-ға жетті.  Оқиға саны 16 мың 643. 

Кейбір араб елдерінде өлім-жітім көрсеткіштері төмендегідей: 

Алжир 555, Ирак 127, Ливан 26, Иордания 9.

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінде Ораза айтта көшеге шығуға тыйым салынады. Уалаяттар арасында саязат тыйымы да 20 мамырда басталып,  1 маусымға дейін жалғасады. 

Төрт адам қайтыс болып, 290 адам вирус жұқтырып алған Оңтүстік Суданда вице-президент Риек Мачар мен жұбайының сынамалары позитив шықты. Вице-президенттің кеңсесінде де кейбір қызметкерлердің вирус жұқтырып алғаны білдірілді.  Вице-президент 14 күн бойы үйінде карантинде болады.



Ұқсас жаңалықтар