Германияда мешіт қақпасына доңыз басы ілінді

Германияның Шттутгарт қаласы маңындағы Файхинген-на-Энце қалашығындағы бір мешіттің қақпасына доңыздың басы ілінді.

1419076
Германияда мешіт қақпасына доңыз басы ілінді

Германияның Шттутгарт қаласы маңындағы Файхинген-на-Энце қалашығындағы бір мешіттің қақпасына доңыздың басы ілінді. 

Дін Істер Басқармасы Түрік Ислам Одағына қарасты Фатих мешітінің қақпасына жергілікті уақытпен 16 мамыр күні түнде екі кісі доңыздың басын іліп тастап, дереу кетіп қалған. Мешітке жасалған бұл шабуылды қауіпсіздік камаралары түсірген.

Файхинген-на-Энце қалашығындағы Дін Істер Басқармасы Түрік Ислам Одағына қарасты Фатих мешітінің төрағасы Латиф Пекмезжи шабуылшылардың үстінде бір компанияның аты жазылған микробуспен келгені анықталғанын және оқиғаны полиция тексеріп жатқанын айтты.

Оқиғаға қатты қайғырғандарын айтқан Пекмезжи полицияның оқиға болған мекенді тексеріп, тергеу бастағанын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар