Францияда полицияның зорлық-зомбылығы протест етілді

Парижде полицияның бір адамның өліміне жол ашқаны алға тартылып, шеру ұйымдастырылды.

1419170
Францияда полицияның зорлық-зомбылығы протест етілді

Францияның бас  қаласы Парижде полицияның бір адамның өліміне себеп болғаны алға тартылып, наразылық шеруі ұйымдастырылды.

Париждің шетіндегі «Аргентиль» аймағында полицияның зорлық-зомбылығына қарсы ұйымдастырылған акциясында демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс шықты.

Шерушілердің фейрверк атып, көптеген қоқыс баррелі мен автобус аялдамасын өртеген соң полиция көз жасаурататын газбен операция жасады. Шеруде полиция жоғары қауіпсіздік шаралары қабылдады.

Аргентиль аймағында кеше 18 жасар мотоцикл айдаушы бір жігіт электр бағанасына соқтығысып, ауруханада қаза тапты. Француз баспасөзіне сөйлеген кейбір куәгерлер полицияның көлікпен мотоциклдің алдын жауып, оны автокөлікпен басқанын алға тартқан еді.

Полиция жасаған мәлімдемеде болса мотоциукл айдаушысына кезкелген бір әрекет жасалмағаны алға тартылған болатын.

Париждің басқа бір аймағы Виленеув-ла-Гареннде болса өткен ай бір полицияның мотоцикл айдаушысын жаралағаны қауесетімен шерулер ұйысмдастырған және қақтығыстар болған еді.



Ұқсас жаңалықтар