Талибанның шабуылында 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан содырларының мыс шахтасына жасаған қарулы шабуылында 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

1418860
Талибанның шабуылында 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан содырларының Ауғанстанның Логар уәлаятындағы мыс шахтасына жасаған қарулы шабуылында 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Логар губернаторлығы мәлімдемешісі Дидар Лаванг Талибан мүшелерінің Логар уәлаятының Мұхаммед Ага ауданындағы мыс шахтасына қарулы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Оқиғада шахтаның қауіпсіздігіне жауапкер 8 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, 7 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын білдірген Лаванг шабуылдаушыларға тойтарыс берілгенін атап көрсетті.

Талибан шабуылмен байланысты мәлімдеме жасамады.

Басқа жағынан ұйым мүшелерінің 22 сәуір күні де аталмыш шахтаға жасаған қарулы шабуылда 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар