Covid-19 салдарынан өлім-жітім 313 мың 490-дан асты

Сауығып кеткендердің саны болса 1 миллион 818 мың 900-ге жақындады.

1418672
Covid-19 салдарынан өлім-жітім 313 мың 490-дан асты

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 313 мың 490-дан асты. Оқиға саны да 4 миллион 736 мың 857 болды. Сауығып кеткендердің саны болса 1 миллион 818 мың 900-ге жақындады.

90 мың 100-ге жақын өлім-жітіммен эпидемияның орталығына айналған Америка Құрама Штаттарында ең көп адам қайтыс болған Нью-Йорктың губернаторы Эндрю Куомо Covid-19 эпидемиясымен ықпалды күрес үшін штаттарға қолдау беретін заң жобасының Сенат тарапынан тез арада бекітілу керектігін атап көрсетті.

34 мың 400-ден астам адам қайтыс болған және Еуропаның эпидемия орталығына айналған Ұлыбританияда вируспен күреске бағытталған коменданттық сағат шаралары Лондонда протест етілді.

Испанияда Covid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны, соңғы 1 тәулікте 87 артып, 27 мың 650-ге жетті.

Италияда эпидемияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 153-ке көбейіп, 31 мың 763-ке жетті. Расталған оқиға саны 1 мың 883-ке азайып, 70 мың 187-ге шегерілді. Аймақтық әкімшіліктерден келген тығыз сұраныстардың артынан эпидемия графикасындағы көрсеткіштерді бағалаған үкімет 1 маусым күні болып жариялаған асхана, бар, кафе және ғибадатханалардың ашылуын 18 мамыр күніне қайта өзгертті.

Францияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны соңғы 1 тәулікте 96-ға көбейіп, 27 мың 625-ке жетті.

Бразилияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 845-ке көбейіп, 15 мың 662 болды.



Ұқсас жаңалықтар