Ауғанстан Қауіпсіздік директоры шабуылда қаза тапты

Кабулдағы емханаға ұйымдастырылған қарулы және бомбалы шабуылда қаза тапқандар саны 24 кісіге жетті.

1416814
Ауғанстан Қауіпсіздік директоры шабуылда қаза тапты

Ауғанстан Газне уәлаятының Рашидан ауданы Қауіпсіздік ұйымының директоры Алиуллах Атай бомбалы шабуылда қаза тапты.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемешісі Тарык Ариен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Газненің Кияк аймағында жол жағасына қойылған бомбаның Рашидан аудандық Қоғам қауіпсіздігі директоры Алиуллах Атай аймақтан өткен кезде жарылғанын хабарлады.

Тарык Ариен бомбалы шабуылда Қауіпсіздік директоры қаза тапқанын, үш оққағарының жараланғанын білдірді.

Бомбалы шабуылды ешкім мойнына алмады.

Сонымен бірге, астана Кабулдың Дашти Барши аймағында Шекара Танымайтын дәрігерлер  ұйымы жұмыстанып жатқан емханаға ұйымдастырылған қарулы және бомбалы шабуылда қаза тапқандар саны 24 кісіге жетті.

Ауғанстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вахид Межрух қаза тапқандар арасында сәбилер мен жүкті әйелдер бар екенін, 16 кісі жараланғанын хабарлады.

Президент Ешреф Гани мен саяси лидерлер шабуылды айыптады.

Талибан шабуылмен қатысы болмағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар