Сирияда Сovid-19 эпидемиясы қаупі

БҰҰ Сирияда коронавирустың тарай бастағанын жариялады.

1416313
Сирияда Сovid-19 эпидемиясы қаупі

Біріккен Ұлттар Ұйымы (ББҰ) Сирияда жаңа тип коронавирус (Сovid-19) оқиғалары байқалғанын, ел көлемінде 8 миллион жазықсыз адамның азық-түлік кемшілігі шеккенін және Идлибтен кетуге мәжбүрлеген 1 миллион адамға жасалған гуманитарлық жәрдемдердің Түркиядан жолданғанын жариялады.

БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы (WFP) мәлімдемешісі Елизавета Бийрс БҰҰ Женева офисінен видео конференция арқылы баспасөз жиналысы өткізді.

Әсіресе Идлибтегі гуманитарлық трагедияға назар аударған Bийрс «Желтоқсан-2019 жылынан бері Сирияның солтүстік батысында орын алған шамамен 940 мың адам қақтығыстар себепті елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленді. Қазір олар Сovid-19 ауыр ықпал ететін күйде өте тығыз лагерьлерде өмір сүреді» деп ескертті.

Бийрс Сovid-19-дың Сирияға да тарай бастағанын, осымен бірге вирусты бақылауға алу үшін қазірше қабылданған бір шара көрмегендерін баса айтты.

Мәлімдемеші елдегі Сovid-19 оқиға саны жайлы мағлұмат бөліспеді.

Сирияда ел көлемінде шамамен 8 миллион жазықсыз адам азық-түлікке еркін қол жеткізе алмағанын атап көрсеткен Бийрс WFP-нің мұқтаждарға көмектесу үшін қолдан келгенді жасағанын түсіндірді.

Бийрс наурыз айында WFP және ортақтарының елдің солтүстік батысында 1,7 миллион адамға негізгі азық-түлік матреиалы жеткізу арқылы көмектескенін атап, «WFP-нің Түркия арқылы шекараның арғы жағына азық-түлік тасымалдауы аса маңызды. Өйткені адамдардың (вирусқа қарсы) иммунитеттік жүйелерін күшейту керек» деді.

БҰҰ тарапынан кеше де Сирияның Идлиб қаласына 45 жүк көлігімен гуманитарлық жәрдем жеткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар