Шығыс елдерінде Cоvid-19 эпидемиясында соңғы жағдай

Шығыс елдерінде өлім-жітім күн өткен сайын артуда

1416252
Шығыс елдерінде Cоvid-19 эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 292 мыңнан, расталған оқиға саны 4 миллион 342 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны да 1 миллион 602 мың болды.

Сovid-19 салдарынан 691 адам қайтыс болып, расталған оқиға саны 16 мың 759-ға жеткен Жапонияда эпидемияға қарсы тағы 13 елдің тыйым салынғандар тізіміне қосылуымен жалпы ұшуға тыйым салынған ел саны 100-ге ұласты. Мексика, Колумбия, Уругвай, Гондурас, Багам, Кабо Верде Республикасы, Габон, Гвинея Биссау, Сао Томе және Принсип, Эквадор Гвинеясы, Малдивтер, Әзербайжан және Қазақстаннан тұратын 13 елге соңғы екі аптада саяхат еткен жолаушылар Жапонияға қайтып қабылданбайды.

Covid-19 салдарынан Иранда 6 мың 733, Қытайда 4 мың 633, Үністанда 2 мың 415, Эквадорда 2 мың 327, Ресейде 2 мың 116, Пәкістанда 737, Оңтүстік Кореяда 259, Сауд Арабиясында 255, Беларусьта 135, Сингапурда 21 және Катарда 14 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар