Йеменде азық-түлік дағдарысы

БҰҰ Сovid-19 салдарынан Йеменде азық-түлік бағаларының қымбаттағанын жариялады.

1416533
Йеменде азық-түлік дағдарысы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік бағдарламасы (WFP) жаңа тип коронавирус (Сovid-19) салдарынан Йеменде азық-түлік бағаларының қымбаттағанын жариялады.

БҰҰ Азық-түлік бағдарламасы Йемен офисінің твиттер парақшасынан жасалған мәімдемеде эпидемия салдарынан Йеменде азық-түлік бағаларының артқаны және бұл жағдайдың елдегі көптеген адамға болымсыз ықпал еткенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде Йемендіктер үшін аса маңызды болған гуманитарлық жәрдемдердің жалғасуының міндетті екені атап көрсетілді.

Йемен Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтің бақылауындағы аймақтарда Сovid-19 себепті қайтыс болғандар санының 10-ға оқиға санының 65-ке көбейгенін жариялаған болатын.

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздықтың тараған Йеменде Иран қолдау берген хоуситтер 2014 жылы қыркүйек айынан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтарды бақылауында ұстайды. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылы наурыз айынан бастап хуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беруде.

БҰҰ-на қарағанда елде 22 миллион адам қорғау мен жәрдемге мұқтаж. Таза ауыз суына қол жеткізімділік болмаған, толық тамақтанбаған, дәрі-дермек және медициналық материалдардағы кемшіліктер эпидемияға жағдай жасауда.



Ұқсас жаңалықтар