Палестина Израильге наразылығын қайталады

Халықаралық қоғамды 1967 жылғы шекара ішіндегі Палестина мемлекетін тануға шақырды.

1415207
Палестина Израильге наразылығын қайталады

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштие Израиль жаулап жатқан Батыс Шериядағы кейбір аймақтарды "қосып алған" жағдайда халықаралық қоғамды 1967 жылғы шекара ішіндегі Палестина мемлекетін тануға шақырды. 

Апталық кезектен тыс кабинет жиналысы алдында баспасөзге мәлімдеме жасаған Иштие Израильдің Батыс Шерияға орналасқан еврей елді мекендері мен Палестина территориясы болған Иордания қойнауын "қосып алу" жоспарына наразылық көрсетті. 

Израильдің жеріне "қосып алуды" жоспарлаған Иордания қойнауының Батыс Шерияның 28 пайызын құрайтынын білдірген Иштие:

"Палестинаның жеміс-жидек бақшасы ретінде танымал Иордания қойнауы Палестинаның Иорданияға және әлемге ашылған қақпасы" деп көрсетті.

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштие Израильдің Батыс Шериядағы заңсыз еврей елді мекендерін және Иордания қойнауын "жеріне қосып алу" жоспарын атқаратын болса, халықаралық қоғамды Израильмен ынтымақтастықтарын аяқтатуға шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар