Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 287 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 533 мың болды.

1415351
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 287 мыңнан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 287 мыңнан, расталған оқиға саны 4 миллион 298 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны да 1 миллион 533 мың болды.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та қайтыс болған адам саны 81 мың 700-ден асты. Расталған оқиға саны болса 1 миллион 374 мыңға жақындады. Ақ Үй әкімшілігі офистер орын алған West Wing-тегі (Батыс Қанаты) қызметкерлерге жаңа тип коронавирус шаралары аясында маска киюге міндет қойылды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда премьер-министрі Борис Джонсон болса Сovid-19 шараларының қалай жойылатынын түсіндірген 50 беттен тұратын жол картасын жариялады. Джонсон вакцина немесе емдеуді күтудің жоспар емес екенін атап, «Қоғамдық вакцина немесе емді табу бір жылдан астам уақыт алуы мүмкін. Ең жаманы да бір вакцина табылмауы да мүмкін» деді.

Итаияда Covid-19-дан 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 179-ға көбейді. Жалпы эпидемия салдарынан қазірге дейін қайтыс болғандар саны 160-ы дәрігер барлығы 30 мың 739-ға жетті. Расталған оқиға саны болса 836-ға азайып, 82 мың 488-ге шегерілді.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 263 көбейіп, 26 мың 643-ке жетті. Вирус жұқтырған адам саны 456 адамға артып, 211 мың 184-ке жетті.

Германияда қайтыс болған адам саны 7 мың 580 болып жарияланды. Бұл елде эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 152-ге көбейді. Елде жалпы қайтыс болған адам саны 172 мыңнан асты.

Бразилияда Сovid-19 эпидемиясы себепті соңғы 1 тәулікте 530 адам қайтыс болды. Осылайша елде Сovid-19 салдарынан қаза тапқандар саны 11 мың 653-ке жетті. Сovid-19 расталғандар санына 6 мың 895 жаңа оқиғаны қосқанда, 169 мың 594 болды.

Вирус себепті 3 мың 573 адам қайтыс болған, 36 мың 327 Сovid-19 оқиғасы тіркелген Мексикада 111 денсаулық сақтау қызметкері Сovid-19 салдарынан көз жұмды.

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында ортаға шыққан эпидемиядан бері соңғы 1 тәулікте алғаш рет оқиға тіркелмеді.



Ұқсас жаңалықтар