Майк Пенс өзін карантинге алды

Пенстің карантині туралы Ақ Үйден ресми мәлімдеме келмеді.

1414636
Майк Пенс өзін карантинге алды

Америка Құрама Штаттары вице-президенті Майк Пенс хатшысы Кети Миллерде коронавирус анықталғаннан кейін өзін карантинге алды.

Хатшы Миллерде жұма күні коронавирус анықталғаннан кейін Пенс алдын алу шарасы ретінде өзін карантинге алды. Сынамасы негатив шыққан Пенс бір мезгіл үйде болады.

Пенстің карантині туралы Ақ Үйден ресми мәлімдеме келмеді.

Президент Дональд Трамптың орынбасарларының бірінде бейсенбі күні Covid-19 шыққаннан кейін жұма күні де вице-президент Майк Пенстің хатшысы Миллерге де осындай диагноз қойылған еді.  Сол күні Трамптың қызы Иванка Трамптың көмекшісінде және жасырын қызметтің он бір қызметкерінде де вирус анықталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар