Covid-19 эпидемиясы салдарынан шығыста өлім-жітім артуда

Шығыс елдеріндегі жаңа тип коронавирус көрсеткіштері жарияланды.

1414635
Covid-19 эпидемиясы салдарынан шығыста өлім-жітім артуда

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 284 мың 870-ден, расталған оқиға саны да 4 миллион 200 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 493 мың 500 болды.

Ресейде Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 94 адамды қосқанда, 2 мың 9-ға, оқиға саны болса 11 мың 656 адамға көбейіп, 221 мың 344-ке жетті.

Алжирде Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 502-ге, оқиға саны болса 5 мың 723-ке жетті. Елде оқу жылының аяқталғаны жарияланды.

Израильде болса Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 247-ге, оқиға саны 16 мың 454-ке жетті.

Жаңа тип коронавирус салдарынан Мысырда 525, Сауд Арабиясы 246, Бангладеште 288, Мароккода 188, Иракта 109, Суданда 64, Кувейтте 58, Чадта 31 және Катарда 14 адам қайтыс болды.

Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны Иранда 6 мың 685-қа, Қытайда 4 мың 633, Үндістанда 2 мың 212-ге, Ресейде 1 мың 915-ке, Индонезияда 973-ке, Филиппиндерде 719-ға, Пәкістанда 667-ге, Жапонияда 637-ге, Украинада 391-ге, Сауд Арабиясында 246-ға, Бангладеште 228-ге, Сербияда 215-ке, Біріккен Араб Әмірліктері 198, Оңтүстік Африка Республикасында 194-ке, Беларусьта 131-ге, Сингапурда 20-ға, Катарда 14-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар