Грекияның босқындарды қамау заңына наразылық көрсетілді
Халықаралық Кешірім Ұйымы Грекиядағы босқындар мен мигранттардың автоматты түрде ұсталуын қамдайтын жобаның халықаралық заңдарға қайшы екенін білдірді.

Халықаралық Кешірім Ұйымы Грекиядағы босқындар мен мигранттардың автоматты түрде ұсталуын қамдайтын жобаның халықаралық заңдарға қайшы екенін білдірді.
Ұйымнан жасалған мәлімдемеде Грекия Парламентінің көш және баспана сұрау заңындағы өзгерістерді бүгінгі жиналыста мақұлдайтыны ескертілді.
Заң жобасы қабылданса, наразылықтары қабылданбаған және қайтарып беру процесіне кірген босқындардың автоматты түрде ұсталатыны және аралдағы ашық лагерлердің жабық алаңға өзгертілетіні атап көрсетілді.
Мәлімдемеде көзқарастарына орын берілген Халықаралық Кешірім Ұйымының зерттермені Адриана Тидона жаңа типті коронавирус індеті кезінде адамдарды жабық және қалың адам тұратын алаңдарға қамаудың жауапкерсіздік болатынын білдірді.
Адриана Тидона жаңа заңның ұсталған адамдардың денсаулығы қауіпте болып қана қоймай, мигранттардың ұсталуының тек қана соңғы шара ретінде атқарылған халықаралық заңдарға да қайшы екенін атап көрсетті.
Грекияның босқындар мен мигранттарды қорғау жауапкерлігі бар екенін, алайда індеттің басқа жауапкерлік те жүктегенін атап айтқан Тидона үкіметті "жауапкерсіз" өзгерісті қайта қарауға және сенімді бір шығар жол қарастыруға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар

Пәкістандағы шыққан қақтығыста 3 адам қаза тапты
Хайбер-Пахтунхва қаласындағы қақтығыста 3 содыр залалсыздандырылды.