Әлемнің ең биік шыңы қайтадан өлшенеді
30 адамдық топ Непал мен Қытай шекарасындағы Эверест Тауының Тибет Автономиялық аймағындағы бөлігінен жолға шықты.
1412634
Әлемнің ең биік шыңы қайтадан өлшенеді.
Қытайдың "Синьхуа"хабар агенттігінің хабарына қарағанда Табиғи ресурстар министрлігі тарапынан альпинисттерден құралған 30 адамдық топ Непал мен Қытай шекарасындағы Эверест Тауының Тибет Автономиялық аймағындағы бөлігінен жолға шықты.
Сәуір айынан бері үйлесімді түрде жұмыс істеген топ ауа райы ыңғайлы болған жағдайда осы айдың аяғында шыңға жетуді көздеуде.
Осы топ шыңға жыққанда Жиһандық белгілеу жүйесі(GPS) және ерекше өлшеу сынды жабдықтардың көмегімен өлшеу жұмысын жасауға тырысады.
Қытай бұдан бұрын 1975 және 2005 жылдарында Эверест Тауының шыңын өлшеу үшін тексеру топтарын жіберген еді. Сол кезе таудың шыңының биіктігі ретімен 8848 метр және 8844 метр ретінде өлшенген еді.