Трамп: Қытай вирусты әдейі өндірмеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк пост газетіне сұхбат берді.

1411679
Трамп: Қытай вирусты әдейі өндірмеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп жаңа тип коронавирустың  (Сovid-19) жаһандық бір эпидемияға айналуына "жауапты" деп айыптаған Қытайдың вирусты әдейі өндірмегенін атап көорсетті.

Дональд Трамп Нью-Йорк пост газетіне берген арнайы сұхбатта Сovid-19-дың жаһандық бір эпидемияға айналуына Қытайдың жауапиты екенін алға тартып, «Барлау рапорттары бізге көрсетеді, Қытайда жаман нәрселер болды. Мұы мойындайық. Қытай вирусты әдейі өндірмеді. Дегенмен вирус әйтеуір ортаға шықты» деді.

Алдыңғы мәлімдемелерінде Сovid-19-дың лабораториялық ортада өндірілгенін жариялаған Трамп осы жолы айыптауларын тастап «Вирус Уханда ортаға шықты дегенмен бұл жер лаборатория болмауы мүмкін. Вирустың ортаға шығуы мен әлемге тарауына рұқсат бермеу керек еді» деді.

Трамп Қытаймен күрделенген дағдарыстың әскери бір қақтығысқа айналып айналмайтыны жайлы бір сұраққа «Соғыс туралы сөйлескім келмейді. Бұл жақсы нәрсе емес. Барша біледі, Қытаймен бірнеше ай бұрын сауда келісімі жасадық. Келісім процесінде екі ел арасында жақсы бір бастама болды. Кейін бұл вирус ортаға шықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар