Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 256 мыңнан асты

Бүкіл әлемде расталған оқиға саны да 3 миллион 700 мыңнан асты.

1411641
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 256 мыңнан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 256 мың 500-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 741мың 400-ден асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 247 мың 600 болды.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та қайтыс болған адам саны 70 мыңға жетті. Нью-Йоркта қарттар үйлерінде көз жұмғаны анықталған мың 700 адам да көрсеткіштерге қосылды.   

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 236 адам артып 29 мың 315, расталған оқиға саны мың 513 азайып, 98 мың 467-ге шегерілді.

Францияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 330-ге көбейіп, 25 мың 531-ге, жаңа оқиға саны болса 406 артып, 204 мың 659 болды.

Ұлыбританияда болса Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 693-ке көбейіп, 29 мың 427-ге, жаңа оқиға саны болса 4 мың 406-ға жетті.

Германияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 165-ке көбейіп, 6 мың 996 болды.

Канадада соңғы 1 тәулікте көз жұмған 185 адамды қосқанда, жалпы қайтыс болған адам саны 4 мың 166-ға жетті. 1 мың 274 жаңа оқиғамен расталған оқиға саны 62 мың 46 болды.

Оңтүстік америка елі БразилиядаСovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте 633 адам қайтыс болды. Осылайша эпидемия салдарынан елде көз жұмған жалпы адам саны 7 мың 921-ге, жаңа оқиға саны болса 9 мың 493 артып, 114 мың 715-ке жетті.

Жаңа Зеландияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны да 21-ке көбейді.

Кейбір Еуропа елдеріне қарағанда Испания 25 мың 613, Белгия 8 мың 16, Голландия 5 мың 168, Швеция 2 мың 854, Мексика 2 мың 507, Швецария 1 мың 795, Эквадор 1 мың 569, Перу 1 мың 444, Ирландия 1 мың 339, Португалия 1 мың 74, Румыния 854, Польша 723, Австрия 606 және Чили 275 адам эпидемия салдарынан қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар