Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім артуда.

1410876
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 250 мың, расталған оқиға саны да 3 миллион 600 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 160 мың болды.

Африка құрлығы бойынша барлығы мың 807 адам қайтыс болды. Соңғы 1 тәулікте 2 мың оқиға расталды.

Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны Алжирде 465, Мысырда 436, Мароккода 179, Оңтүстік Африкада 138, Нигерияда 87, Камерунда 64, Буркино-Фасода 46, Тунисте 43-ге жетті.

Израиль басқыншылығы астындағы Иерусалим және Батыс Шерияда 10 жаңа оқиға тіркелді. Осылайша Иерусалимдегі оқиға саны 170-ке, Батыс Шерия мен Газа секторында болса 362-ге жетті.

Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас Сovid-19 эпидлемиясымен күрес аясында төтенше жағдайды тағы 1 айға созуға шешім қабылдады. Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі болса эпидемия салдарынан денсаулық саласына қауіп төндірген негізгі медициналық материалдардың тауысыа бастағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар