Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім артуда.

1410094
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 248 мың, расталған оқиға саны да 3 миллион 554 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 150 мың болды.

Оңтүстік Кореяда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 252-ге көбейіп, елде 10 мың 801 оқиға расталды.

54 адам қайтыс болған Тайландта оқиға саны 2 мың 987-ге жетті.

Пәкістанда жаңа тип коронавирус салдарынан соңғы 1 тәулікте 25 адамды қосқанда, жалпы қайтыс болғандар саны 457-ге жетті. Расталған оқиға саны мың 301 көбейіп, 20 мың 71 болды.

Сovid-19 салдарынан 9 адам көз жұмған және оқиға саны болса 461-ге жеткен Иорданияда барлық кәсіпорындарда сәрсенбі күнінен бастап қайтадан жұмыс істеуге шешім қабылданды.

Сovid-19 салдарынан Ирактың Киркук қаласында жаңа тип коронавирус эпидемиясынан соңғы 2 адың ішінде екінші рет коменданттық сағат жарияланды. Коменданттық сағат соңғы 1 тәулікте 35 оқиға расталған соң қайтадан іске қосылады. Коменданттық сағатқа бағынбағандар айыппұл төлейтін болады.

Эпидемия салдарынан 41 адам қаза тауып, 592 оқиға тіркелген Суданда Қатынас және инфрақұрылымға жауапты мемлекеттік министр Хашим ибн-Аунның вирусты жұқтырғаны, өткен аптадан бері үйінде карантинде болғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар