Ауғанстанда әскери қалашыққа шабуыл

Талибанның шабуылында 3 әскери қызметкер қаза тапты, 6 әскер жарақат алды.

1410320
Ауғанстанда әскери қалашыққа шабуыл

Ауғанстандағы бір әскери қалашыққа бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Хельманд губернаторлығы мәлімдемешісі Өмер Зувак Талибанның Хельманд уәлаятының Гиришк ауданындағы Ялчал әскери қалашығын бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын атап көрсетті.

Шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын мәлімдеген Зувак 6 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын білдірді.

Талибан шабуылды мойындап, 10-нан астам әскердің өлтірілгенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар