Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Шығыс елдерінде Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны артуда.

1409533
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 244 мың 791-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 484 мың 632-ден асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 124 мың 324 болды.

Сovid-19 салдарынан Сауд Арабиясында 176 адам қайтыс болса, елде расталған жалпы оқиға саны 25 мың 459.

Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны Кувейтте 33, Оманда 12-ге жетті.

440 адам Сovid-19 салдарынан қайтыс болған, оқиға саны 19 мың 103-ке жеткен Пәкістанда Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесшісі Муид Юсуф эпидемия салдарынан шетелде өмір сүрген 10 мың пәкістандықты елге әкелу үшін арнайы рейстердің ұшатынын білдірді.

Басқыншылық астындағы Иерусалимде тағы 3 адамның қосылуымен расталған оқиға саны 167-ге, Батыс Шерия мен Газа секторын қосқанда, жалпы оқиға саны 520 болды.



Ұқсас жаңалықтар