Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 228 мың 400-ден асты

Расталған оқиға саны бүкіл әлемде 3 миллион 230 мың 400-ден асып түсті.

1407984
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 228 мың 400-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 228 мың 400-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 230 мың 400-ден асты.  Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 7 мың 100 болды.

60 мың адам көз жұмған және эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та Массачусестс штатында зейнеттегі әскерлер өмір сүретін қарттар үйінде 70 адамның  эпидемия салдарынан қайтыс болуының артынан қажетті медициналық шаралар қабылданбағаны күдігімен тергеу ашылды.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 323 артып, 27 мың 682, расталған оқиға саны 548-ге азайып, 104 мың 657-ге шегерілді.

Францияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 427-ге көбейіп, 24 мың 087-ге, жаңа оқиға саны болса 626 артып, 198 мың 215 болды.

Ұлыбританияда ауруханалар мен қарттар үйлерінде Сovid-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны 26 мың 97 екені жарияланды. Елде расталған оқиға саны болса 4 мың 76 артып, 165 мың 221 болды.

2 мың 781 адам қайтыс болған Канада да 452 жаңа оқиға санын қосқанда жалпы расталған оқиға саны 4 мың 678-ге жетті.

Германияда тағы 7 түрік Сovid-19 салдарынан қайтыс болды. Елде вирус салдарынан көз жұмған түрік азаматы саны 130 болды.

Канадада жаңа тип коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 3 мың 54-ке, расталған оқиға саны болса 51 мың 231-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар