Бағдатта электр желісіне шабуыл жасалды

Бағдаттағы электр жүйесіне жасалған шабуыл себепті Бағдат, Мосул және Киркук қалаларында электр тоқтап қалғаны жарияланды.

1407950
Бағдатта электр желісіне шабуыл жасалды

Ирактың астанасы Бағдаттағы жоғары кернеулі электр жүйесіне жасалған шабуыл себепті Бағдат, Энбар, Салахаддин, Мосул және Киркук қалаларында электр тоқтап қалғаны жарияланды.

Киркук электр тарату компаниясының директоры Ялчын Мехди Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Бағдаттың шығысына орналасқан жоғары кернеулі электр жүйесіне жасалған шабуыл себепті Киркукте 10 сағат бойы электр тоқтағанын айтты.

Екі жоғары кернеулі электр желісінің де қолданылмайтын күйге келгенін айтқан Мехди электр жүйесін жөндеу үшін Электр министрлігінің іске кіріскенін білдірді.

Мехди сонымен бірге аталмыш электр желісі жөнделгенге дейін Киркук пен басқа уәлаяттардағы электр үзілістерінің жалғасатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар