Ливия ұлттық келісім үкіметі Хафтер конвойына шабуыл жасады

Ливияда Ұлттық  келісім үкіметі астана Триполидің оңтүстігінде төңкерісшіл Халифа Хафтерге қарасты сарбаздарға қару-жарақ тасымалдаған конвойға әуе шабуыл жасады.

1407368

Ливияның Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған заңды Ливия ұлттық  келісім үкіметіне қарасты қарулы жасақтарының мәлімдемешісі подполковник Мұхаммед Кунунуның мәлімдемесінде Ливия ұлттық келісім үкіметі әуе күштерінің Халифе Хафтарге қарасты сарбаздарға қару-жарақ тасымалдаған конвойы Эл-Карят және Несеме аймағы арасындағы жолда нысанаға алынғанын білдірді. 

Енді бір жағынан Хафтерге қарасты сарбаздар астана Триполидің оңтүстігінде әуежайы жолы аймағында бір ауруханаға шабуыл ұйымдастырды. Шабуыл кесірінен аурухана мен жедел құтқару көліктері қатты зақымдалды. 

Ұқсас жаңалықтар