Қытайда кейбір мектептерде сабақ басталды

Әлем көлемінде коронавирустан өлім-жітім саны 211 мың 631-ден асты.

1406525
Қытайда кейбір мектептерде сабақ басталды

Әлем көлемінде коронавирустан өлім-жітім саны 211 мың 631-ден асты.  Оқиға саны 3 миллион 65 мың 176-ға, сауығып кеткендер саны 922 мың 862-ге жетті. 

Қытайда 4 мың 633 адам қайтыс болды. Вирус 82 мың 830 адамға жұқты.  Covid-19 эпидемясы ортаға шыққан елде Пекин мен елдің ең үлкен қаласы Шанхайда орта деңгейдегі мектептерде ішінара оқу басталды. 

Алжирде Covid-19 себебімен 432 адам қайтыс болды,  барлық оқиға саны 3 мың 517-ге жетті. Үкімет карантин мерзімінің 14 мамыр күніне дейін созылғанын хабарлады. 

Мадагаскар коронавирусқа қарсы өсімдік дәрісін өндіріп,  оны Сенегалден кейін Гвинея Биссау да сұрады. Мадагаскар Зерттеу Институтының ғалымдары елде өсетін көптеген шипалы өсімдіктен иммунитетті нығайтатын Covid Organics деп аталатын дәрі жасап шығарды.



Ұқсас жаңалықтар