Йеменде ішкі қақтығыс жалғасуда

Саид: "Шешімді атқаруға байланысты ауыр жауапкерлігіміз бар. Осы жолда ең ауыр жағдайға дайынбыз" деді.

1406362
Йеменде ішкі қақтығыс жалғасуда

Йеменде Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан қолдау тапқан Оңтүстік уақытша Кеңесі елдің оңтүстігінде жариялаған автономия шешімінен кері қадам баспайтындарын және осы жолда ең ауыр жағдайды күтіп алуға дайын тұрғандарын жариялады.

Оңтүстік уақытша Кеңесі Дали қаласының басшысы Абдуллах Мехди Саид жазбаша мәлімдемесінде автономия шешімінен бас тартпайтындарын білдірді.

Саид:

"Шешімді атқаруға байланысты ауыр жауапкерлігіміз бар. Осы жолда ең ауыр жағдайға дайынбыз" деді.

Оңтүстік уақытша Кеңесі  26 сәуірде елдің оңтүстігінде автономия жариялаған болатын.

Йемен Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Хадрами Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Ауыз жүзіндегі уақытша Кеңестің оңтүстіктің билігі тақырыбындағы табандылығына байланысты автономия жариялауы өткен тамыздағы қарулы көтерілістің жалғасынан басқа ештеңе емес" деп көрсетті.

Хадрами аталмыш жариялауды үкімет пен кеңес арасында өткен қарашада қол қойылған Риад келісімінен толық шегіну және қарсы шығу деп қабылдайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар