Африн ауданындағы жарылыста 40 кісі қаза тапты

Сирияның Африн ауданында бомба тиелген танкердің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 40 кісіге көбейді.

1407071
Африн ауданындағы жарылыста 40 кісі қаза тапты

Сирияның Африн ауданы орталығында бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK-ның бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен жасаған шабуылында  қаза тапқандар саны 40 кісіге көбейді. Опасыз шабуылда мерт болғандар арасында 11 бала бар. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террористердің Африн ауданы орталығында бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Адамгершілік дұшпаны бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK Афринде тағы бейуаздарды нысанаға алды. Африн қала орталығындағы бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл ұйымдастырған террористер алғашқы санаққа қарағанда 11 баланы қамтыған 40 бейуазды қырғындады. 47 бейуаз азамат та жараланды" деп көрсетілді. 

Жарылыста төңіректегі ғимараттар зақымдалды, жол жағасындағы көптеген көлік күйреді.

Жарақат алғандар Африн орталық емханасына жеткізілді, өлген адам саны артуы алаң туғызып отыр.



Ұқсас жаңалықтар