Араб коалициясы хоуситтердің жанармай танкерін босатты

Әл-Месире телеарнасы 42 күн кепілдікке алынған мұнай танкерінің еркін жіберілгенін жариялады.

1405862
Араб коалициясы хоуситтердің жанармай танкерін босатты

Иран қолдауындағы Йемендегі хоуситтерге тиесілі 12 мың тонналық дизель жанармай тасымалдаған кемені Джазан портында кепілдікке алған Сауд Арабиясы басшылығындағы Араб коалициясы күштері 42 күннен кейін кемені еркін жіберді.

Хоуситтердің әл-Месире телеарнасы танкердің иесі мұнай фирмасына сілтеген хабарында Худейде портына 12 мың тонна дизель жанармай тасымалдаған танкердің Джазан портынан 42 күн кепілдікке алынған соң еркін жіберілгенін жариялады.

Хоуситтер БҰҰ-ның Йеменге кіріс рұқсаты бергеніне қарамастан Араб коалициясын мұнай және азық-түлік материалы тасымалдаған 20 кемені кепілдікке алумен айыптауда.

Араб коалициясы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасамады. Дегенмен алдында жасаған мәлімдемелерде хоуситтерді аймақтағы кеме қатынасы мен гуманитарлық жәрдем материалдарын жеткізуге кедергі жасаумен айыптаған еді.



Ұқсас жаңалықтар