БҰҰ Бас хатшысы мұсылмандарды құттықтады

“Дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандарға қасиетті рамазан айы басталуына орай ең шынайы тілектерімді ұсынамын” деді.

1403875
БҰҰ Бас хатшысы мұсылмандарды құттықтады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш “Дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандарға қасиетті рамазан айы басталуына орай ең шынайы тілектерімді ұсынамын” деді. 

Гутерриш жазбаша хабарлама жариялап,  рамазан айының басталуына орай мұсылмандарды құттықтады. 

“Дүние жүзіннің түкпір-түкпіріндені миллиондаған мұсылманға қасиетті рамазан айы басталуына орай ең шынайы тілектерімді ұсынамын” деді ол. 

Гутерриш “Бұл әрине өзгеше бір рамазан айы болады.  Көптеген қоғамдық іс-шаралар Covid-19 эпидемиясына байланысты өткізілмейді” деді. 

Көптеген адамның да рамазан айын соғыс  және қақтығыс аймақтарында бастайтынына назар аударған БҰҰ Бас хатшысы Құрандағы бейбітшілік әйеттерін еске салып,  жаһандық бітімге шақырды. Ол соғыстың адам баласының ортақ жауы-вирусқа қарсы жүргізілуі керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар