Әлем көлемінде өлім-жітім 177 мың 708 болды

Расталған оқиға саны 2 миллион 560 мың 063-тен асты.

1403270
Әлем көлемінде өлім-жітім 177 мың 708 болды

Коронавирустың жаңа түрінен әлем көлемінде өлім-жітім 177 мың 708 болды.  Расталған оқиға саны 2 миллион 560 мың 063-тен асты. Сауығып кеткендер саны болса 696 мың 175-ке жетті. 

Эпидемияның орталығы болған Америка Құрама Штаттарында Covid-19 себебімен қайтыс болғандардың саны 44 мыңнан,  оқиға саны 800 мыңнан асты. Медбикелер қажетті сақтандырушы киім жетіспеушілігіне байланысты Ақ Үйдің алдына жиналды. Эпидемиямен күрескен медициналық қызметкерлер атынан Нью-Йорк штатының Медбикелер одағы болса штат әкімшілігі мен екі аурухананы сотқа берді. 

Осы арада АҚШ Сенаты Covid-19 эпидемиясымен күрес шеңберінде шағын кәсіпорындар мен медициналық орталықтарға көмек және одан да көп тест жасалуы мақсатымен 484 миллиар долларлық қосымша бюджетті мақұлдады. 

Миссури штаты болса коронавирусқа байланысты әлемге жалған мәлімет берді деп Қытай үкіметін сотқа берді. 

Италияда Covid-19-дан соңғы бір тәулікте 534 адам қайтыс болған. Осылайша жалпы өлім-жітім 24 мың 648-ге жетті. Оқиға саны 183 мың 957 болды. Сауығып кеткендердің саны 51 мың 600-ге жетті. 

Францияда эпидемия салдарынан ауруханаларда 12 мың 900, қарттар үйлерінде 7 мың 896 адам қайтыс болды. Сонымен жалпы өлім-жітім 20 мың 796-ға жетті. Вирус анықталған адам саны 2 мың 667-ге артып, 181 мың 441-ге жетті. 

Ұлыбританияда соңғы бір тәулікте 823 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 17 мың 337 -ге жетті. Оқиға саны 129 мың 044-ке жетті. 

Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі Covid-19-ға жаңа вакцинаның 23 сәуір күні адамдарда сынағының басталатынын білдірді. 

Канадада қайтыс болғандар саны 1 884-ке жетті. Ауруханаларда жедел емес оталар кейінге қалдырылып, барлық дәрігер мен медбикелер қариялар жатқан орталықтарға жіберілуде. 

Колумбияда 189 адам қайтыс болып, оқиға саны 3 977-ге жетті. Ел көлемінде карантин 11 мамырға дейін созылды. 

Бразилияда 2 741 адам коронавирустан қайтыс болды. 43 мың 079 адамда вирус анықталды. 

Австралияда болса 74 адам қайтыс болды. 14 адам қайтыс болған Жаңа Зеландияда вирус жұқтырып алған адам саны 1451-ге жетті. Бұлардың 1036-сы жазылып кетті. 



Ұқсас жаңалықтар