Батыс Африкада ашаршылық қаупі

"Балаларды құтқару қоры" мен халықаралық 8 азаматтық қоғам ортақ мәлімдеме жасады.

1402928
Батыс Африкада ашаршылық қаупі

Жаңа тип коронавирустың экономика мен өндіріске кері ықпалы себепті Батыс Африка елдерінде шамамен 50 миллион адамның ашаршылықпен бетпе-бет қалуы мүмкін екенін ескертті.

Орталығы Ұлыбританиядағы "Балаларды құтқару қоры" халықаралық 8 азаматтық қоғаммен Сovid-19 эпидемиясының құрлыққа ықпалы жайлы ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Сovid-19 эпидемиясы Батыс Африкада 17 мен 50 миллион арасында адамның ашаршылық қаупімен бетпе-бет қалуына себеп болуы мүмкін» деді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және маңызды топтардың қорғалу керектігі баса айтылған мәлімдемеде керісінше ашаршылық пен азық-түлік тапшылығының жалғасатынына назар аударылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ Батыс Африка елдерінде ауылшаруашылығы өнімдерінің экономикаға үлкен үлес қосқаны және әсіресе бұл салада жұмыстанғандарға қолдау көрсету керектігі жөнінде шақыру жасалды.



Ұқсас жаңалықтар