АҚШ-та карантинге қарсы протест асқынып барады

Трамптың "Миннесотаға еркіндік!", "Мичиганға еркіндік!" деген қолдауы ереуілді асқындырып жіберді.

1402873
АҚШ-та карантинге қарсы протест асқынып барады

Күллі әлемге әсер жасаған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 40 мыңнан астам адам қайтыс болған АҚШ-та Мичиган штатында карантинге қарсы бастаған протест ереуілдері басқа штаттарға да жалғасуда.

АҚШ президенті Дональд Трамп Демократ әкімдердің әкімшілігіндегі кейбір штаттарда коронавирус шараларын тоқтату үшін жасалған протесттерге әлеуметтік желіден қолдау бергендіктен, протестшілер демократтар әкімшілігіндегі штаттарға тарады.

Мичиган штатында басталған ереуілдерге Трамптың қолдауынан кейін ереуілшілер Мичиган, Вашингтонды қамтыған жиырманың үстіндегі штатта көшелерге шықты.

"Үйде қалыңыз!" шақыруына наразылық көрсеткен Трампты қолдаушы ереуілшілер жұмыстарына қайта оралу талабымен қолдарына қару алып және маска тағып көшелерге шықты.

Президент Дональд Трамп Демократ әкімдердің әкімшілігіндегі кейбір штаттарда коронавирус шараларын тоқтату үшін жасалған протесттерге әлеуметтік желіден "Миннесотаға еркіндік!", "Мичиганға еркіндік!" деген сөздермен қолдау берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар