Синдзо Абэ Ясукуни ғибадатханасына сыйлық жолдады

Жапония премьер-министрі Токиодағы дау-дамайлы Ясукуни ғибадатханасына рәсімдік сыйлық жолдады.

1402352
Синдзо Абэ Ясукуни ғибадатханасына сыйлық жолдады

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Токиодағы дау-дамайлы Ясукуни ғибадатханасына рәсімдік сыйлық жолдады.

Кйодо хабар агенттігіне қарағанда көктем фестивалінің басталуы аясында Жапония премьер-министрлігі атынан ғибадатханаға сыйлықтар жіберілді.

Жапонияда 2 күнге жалғасатын фестиваль аясында Абэ ғибадатханаға қасиетті Масакаки гүлі бағыштады.

Абэ ғибадатханаға көктем мен күздің басталған кезінде жолдаған әртүрлі сыйлықтарына қоса 2-ші дүниежүзілік соғыс аяқталған 15 тамыз күндері жыл сайын қаржылай бағыш жасауда.

Ғибадатхананың 2-ші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 2,5 миллион адамды еске алып абыройын көтергенін, бірақ соғыс қылмыскері 14 қызметкерді «қасиетті» деп қабылдағаны үшін дау-дамайлы тұғырын қорғағаны белгілі.

Премьер-министр Абэ елінің Оңтүcтік Корея мен Қытай қарым-қатынастарына зиян келтірмеуі үшін 5 жылдан бері ғибадатханаға барудан бас тартуда.



Ұқсас жаңалықтар