Шығыс елдерде Covid-19 салдарынан өлім-жітім артуда

Коронавирус салдарынан бүкіл әлемде өлім-жітім күннен күнге көбеюде.

1401358
Шығыс елдерде Covid-19 салдарынан өлім-жітім артуда

Коронавирус салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 165 мың 902-ден асты, расталған оқиға саны да 2 миллион 421 мың болды. Жазылып кеткендер саны болса 635 мың 700-ден асып түсті.

Иранда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағаттың ішінде 91 адам артып, 5 мың 209-ға шықты.

52 адам қайтыс болған Оңтүстік Африка Республикасында коменданттық сағат іске қосылған Йоханнесбургте күнделікті өмір тоқтап қалды. Көбінесе бос көшелерде аш жүрген үйсіздер көліктерді тоқтатып, көп қабатты тұрғын үйлердің қоңырауларын басып тамақ сұрай бастады.

Ирак жаңа тип коронавирус себепті 17 наурыз күні басталған сауда мен кәсіптік салалардағы шектеудің жеңілдетілгені жарияланды. Коменданттық сағаттан тыс уақыттарда денсаулық сақтау ережелеріне бағыну шартымен кәсіпорындардың, фабрикалар мен ательелердің ашылуына рұқсат берілді. Ораза айда іске қосылатын коменданттық сағаттың да жеңілдетілгені жарияланды. Жергілікті уақытпен кешкі 19:00 бен азанғы 06:00 арасында коменданттық сағаттың жалғасатыны білдірілді. Елде коронавирус салдарынан қайтыс болған адам саны 82, оқиға саны болса мың 539-ға жетті.

7 адам қайтыс болған 295 адам вирус жұқтырған Шри-Ланкада Сovid-19 эпидемиясымен күрес шаралары аясында 20 наурыз күні қабылданған коменданттық сағат жартылай жеңілдетілді. Коменданттық сағат бас қала Коломбо мен кейбір аймақтарда сәрсенбі күніне дейін жалғаспақ. Мемлекеттік мекемелер, фирмалар және банктер ашық қайтадан ашылады. Алдында 1 тәулік болған елдегі коменданттық сағат режимі енді жергілікті уақытпен 20:00-ден 05:00-ге арасында іске қосылады.

1119 адам қаза тапқан Африка құралығында соңғы 24 сағатта шамамен 1 мың 200 жаңа оқиға тіркелді. Вирусты жұқтырғандар саны 22 мың 275 болды, жазылып кеткендер саны болса 5 мың 489-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар