Ауғанстанда әскери учаскеге жасалған шабуылда 17 әскер қаза тапты

Талибан содырлары Ауғанстанның Ходжа-и Гар аудандық әскери учаскесіне шабуылдады.

1401517
Ауғанстанда әскери учаскеге жасалған шабуылда 17 әскер қаза тапты

Талибан содырларының Ауғанстанның Тахар уәлаятына қарасты Ходжа-и Гар аудандық әскери учаскесіне жасаған шабуылында 17 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде террористтердің Ходжа-и Гар ауданының Тепе-и Хауа Шинаси аймағындағы әскери учаскеге шабуылдағаны білдірілді.

Шабуылда 17 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқаны, 2 әскердің де жарақат алғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуылдың артынан шыққан қақығыста Талибанға ауыр соққы берілгені білдірілді.

Талибан тақырыппен байланысты мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар